Мұғалімдердің ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу үрдісінде қолдануы және ақпарттық мәдениетін дамыту жұмыстары.

   АКТ-ны оқыту үрдісінде қолданудың маңызды міндеті – оқушылар мен мұғалімдердің жаһандық желіге жаппай қосылуын қамтамасыз ету болып табылады. Жалпы орта білім берудің Мемлекеттік стандартына сәйкес Интернет желісіне қатынау мүмкіндігі 7-11 сыныптарда қамтамасыз етілуі қажет.  Аудан мектептері  Интернет желісіне  АДСЛ,  радиоұзартқыш, Dial-up телефон байланыстары арқылы қосылған. 29 мектептің 10-ы  ADSL технологиясы бойынша, 8 мектеп  EV-DO  жүйесі арқылы жаһандық желіге, (512кбит/с, 256 кбит/с, 128 кбит/с) қатынау мүмкіндігі бар.

     Білім сапасын көтеру мақсатында оқу үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны енгізіп, компьютерлік техникамен қамтамасыз ету Бөрлі  ауданында жылдан жылға жақсаруда.

      Компьютерлердің жалпы саны аудан мектептері бойынша – 619 оның 312-сі ауыл  мектептерінде.  Қазіргі уақытта 1 компьютерге 13 оқушыдан келеді.

     Қала мектептері он - лайн режимінде  өтетін сабақтарға, семинар кеңестерге уақытымен қатысады.  Қаланың   3 мектебінде веб-сайт жұмыс жасайды.

   2012 жылы Ақсай қаласының № 6 ЖББОМ, Жарсуат, Березовка мектептері МЛК кабинеттерімен, Ақсай қаласының № 6 және Қанай негізгі мектептері биология кабинетімен, Ақсай қаласының № 4 және № 6 ЖББОМ-і химия кабинеттерімен  республикалық бюджет есебінен жабдықталды.

   Бүгінгі таңда компьютер мектепте сабақтың ғана емес, сонымен қатар барлық мектепшілік өмірдің ажырамас бөлігіне айналып отыр.

    

 

 

Сайт создан в системе uCoz